Анасы мен өгей әкесі білген: Қарағанды облысында 16 жастағы қызды зорлаған ер адамға үкім шықты

Қарағандыда кәмелетке толмаған қызға зорлық жасаған сотталушыға үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының мамандандырылған соты кәмелетке толмаған қызға зорлық жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. 

Белгілі болғандай, 2025 жылдың ақпан айында Абай қаласында 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызға анасы мен өгей әкесі 1987 жылғы жігітпен некеге тұруды ұсынған. Кәмелетке толмаған қыз некеден бас тартқан.

Қарсылығына қарамастан, 2025 жылы наурызда өгей әкесі оны Қарағандыға жіберіп, жалдамалы пәтерде ер адаммен қалдырған. Аталған пәтерде ер адам жәбірленушінің жасының кәмелетке толмағанын анық біле тұра, оны зорлаған.

Сот үкімімен ер адам ҚК-нің 120-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған өмір бойы педагогикалық лауазымдарда және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарда қызмет атқаруға тыйым салынды. Сот сондай-ақ прокурордың атына жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерінде қылмыс құрамының бар-жоғын тексеру үшін жеке қаулы шығарды, - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 7-сынып оқушысына азғындық жасаған 7 жасөспірім анықталғанын хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы