ӘМСҚ сайлау комиссиясы мүшелерінің ПТР-тестілеу шығынын өтейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Тестілеу МӘМС қоры есебінен тегін жүргізіледі. Байқаушылар тізіміне кіретін барлық тұлғалар, сайлау комиссияларының мүшелері, сенім білдірілген тұлғалар бізден тестіленетін болады және оның қаражат қор есебінен өтеледі. Сайлау ел азаматтары жаппай жиналатын және дауыс беретін орын болғандықтан, бүкіл сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті және қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тестілеуді тегін өткізу туралы шешім қабылданды, - деп атап өтті министр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау 10 қаңтарда өтеді.
Бұған дейін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова аймақтарға шығу немесе кіру кезінде ПТР-тест талап етілмейтінін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мексикада дәрігер COVID вакцинасынан кейін ауруханаға түсті
Өзгелердің жаңалығы