Алтай Көлгінов Рождество мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас қаланың әкімі елордалықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.
Оның құттықтау сөзін орынбасары Бахтияр Мәкен Успенский Кафедральды Соборына жиналған қауым алдында оқып берді.
Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді және барлық православ христиандарды шуықты мереке – дінді ұстанушылардың жүрегінде ең мейірімді сезімдерді оятатын және рухани құндылықтар айналасына біріктіретін Рождествомен құттықтаймын. Барлығымыз еліміздегі бейбітшілікті, дінаралық және этносаралық келісімді сақтауға ұмтыламыз. Міне, осы бірлікте – біздің қоғамның күші.Айта кетсек, бүгін Православ христиандары өздерінің Рождество мерекесін атап өтуде. Мерекеге орай Нұр-Сұлтандағы бас шіркеуге елордалықтар жиналды.
Қазақстанның Православ шіркеуі басқа да дәстүрлі діндер өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан. Олар бірлесе азаматтарымыздың рухани құндылықтарын нығайту және патриоттыққа тәрбиелеу үшін бар күшін салуда. Айтулы мереке біздің басты құндылықтарымызды – қоғамдық келісімді, бірлікті, бейбітшілікті сақтауға ықпал етіп, мейірімді сезімдер және әрекеттермен толыссын. Рождествоны тойлайтын Православ христиандарына, Қазақстанның барлық азаматына денсаулық, өркендеу мен барлық жақсыны тілеймін, - деп оқыды әкімнің құттықтауын орынбасары Бахтияр Мәкен.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та шіркеуге келген жұртшылықты Рождествомен құттықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәурен Абаев елордалықтарды Рождествомен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы