Алматылықтар коронавирусты қай жерден жұқтырады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы індеттің таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы барысында белгілі болды. Айта кететін жайт, кеңес қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен болатын.
Науқастардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде апта ішінде дерт жұқтырғандардың 77%-ы вакцинацияланбаған 20 жастан асқан азаматтар. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырғандар саны 2,2%-ға, 40-59 жастағы адамдар арасында 1,4%-ға өскені байқалады.
Сырқаттанушылардың 85%-ы инфекцияны сауда нысандарында, қоғамдық көлікте - 21,4%, отбасылардағы байланыстар - 22,3% және базарларда 8%-ы жұқтырған. Ал үйде инфекция жұқтыру 4,4%-ға өсті. Дерт туыстармен, көршілермен және таныстармен байланыс кезінде, сондай-ақ отбасылық іс-шараларды мерекелеу санының өсуіне орай таралуда.
Белгіленген карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. 25-31 қазан аралығында кәсіпкерлік нысандарында 19 және қоғамдық көліктерде маска режимі сақталмаған 23 бұзушылық анықталыпты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 40-қа жуық бала коронавируспен ауырып жатқандығы туралы жазған болатынбыз.