Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккен адам бар
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бір адам екі тобығын сындырып алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев баспасөз орталығында мәлімдеді.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілді. Диагнозы: Оң жақ аяқ пен оның көгеруі және созылуы. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді, – дейді Нұрлан Атығаев.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы