Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Іс мамырда сотқа жолданады
Алматының әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты тың дерек
Алматыда адам өліміне әкелген резонансты жол апатына қатысты іс мамырдың басында сотқа жолданады.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Барлық сараптамалардың қорытындыларын алдық. Кішкене кейбір процессуалдық әрекеттер жасалғаннан кейін, мамырдың басында іс сотқа жолданатынын хабарлаймыз. Кейбір сараптамалардың қорытындысына сәйкес, Zeekr автокөлігінің иесі аса жылдамдықпен жүргені анықталды, - дейді адвокат.
Ол әзірге бұдан өзге ақпаратты жариялай алмайтынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.
Осы апатқа қатысты полиция қызметкерлері де тексерілетіні айтылды.
Жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Президент тапсырмасымен ІІМ Алматыдағы жол апаты ісі бойынша жұмысты күшейтті.
Оқиғадан кейін Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталғаны хабарланды. Ол 10 тәулікке қамалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыдағы жантүршігерлік апат: ZEEKR иесі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді.
- Францияда Пушкиннің сирек кітаптарын ұрлағандарға жеті жылға дейін түрме жазасы кесілді 20:55
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50