Алматыдағы жантүршігерлік апат: ZEEKR иесі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді
Алматыда адам өліміне әкелген резонансты жол апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Алматыдағы жантүршігерлік апатқа себепкер болған ZEEKR иесі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.
Осы апатқа қатысты полиция қызметкерлері де тексерілетіні айтылды.
Жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, Президент тапсырмасымен ІІМ Алматыдағы жол апаты ісі бойынша жұмысты күшейтті.
Оқиғадан кейін Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталғаны хабарланды. Ол 10 тәулікке қамалды.