Бүгiн 2026, 11:18 Фото: видеодан алынған кадр

Алматыдағы жантүршігерлік апат: Үшінші жәбірленуші тарап та кешірім берді

Оның айтуынша, татуласу ерікті түрде жүзеге асқан. 

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатында қаза тапқан тағы бір жәбірленушінің анасы күдікті Пакқа кешірім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен, сондай-ақ менің жақын туыстарым да Пак Александр Олеговичті кешіреміз және онымен толық татуластық. Пак өз кінәсін толық мойындады, өкініп жүр, шын жүректен өкінеді, көптеген жыл бойы кешірім сұрады. Моральдық шығын толық көлемде өтелді. Біз бұл жайттарды растаймыз. Бізде Пакқа қатысты материалдық та, моральдық та талап жоқ, сондай-ақ болашақта да болмайтынын растаймыз, - дейді жәбірленуші. 

Оның сөзінше, татуласу ерікті түрде жүзеге асты. 

Біздің мәлімдемеміздің құқықтық салдары толық түсіндіріліп, бізге жеткізілді. Шешім толықтай саналы түрде қабылданды. Осыған байланысты соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраймын. Менің қызым сол кезде қайтыс болды, бірақ соған қарамастан мен оны кешіремін және оған ешқандай талап қоймаймын. Болашақта да талап қою ниетім жоқ, - дейді марқұм қыздың анасы. 

Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын. Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов күдікті Александр Пактың жазадан құтылып кетуі екіталай екенін айтты. 

Тағы оқи отырыңыз: Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апат: Куәгерлер жауап бере бастады 

Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апат: ІІМ татуласу жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді.