Бүгiн 2026, 11:32 Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматыдағы жантүршігерлік апат: Сотта күдіктінің ішімдік ішкен-ішпегеніне қатысты тың дерек айтылды

Куәгер мейрамханадағы отырыс жайлы жауап берді. Процесс барысында алкогольге қатысты маңызды сұрақтар көтерілді.

Алматыдағы жол апатына қатысты кезекті сот отырысында мейрамханада күдіктімен бір дастарханда отырған куәгерден жауап алынды. Процесс барысында куәгер ішімдікке қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Куәгер Айгерім Абдаримова күдікті Александр Пакты бұған дейін танымағанын, отырысқа оны құрбысы шақырғанын айтты. 

Жауап алу барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов ішімдікке қатысты сұрақтар қойды. Тергеу барысында алынған чекте отырыс барысында алкоголь қолданылғаны айтылады. Сонымен қатар, іс материалдары бойынша күдіктінің қанынан ішімдік анықталған болатын. 

Куәгер Абдраимованың сөзінше, чектегі екі коктейл мен шарапты құрбысы ішкен. Алайда “компания” ұнамай, Айгерім отырыстан кетіп қалған көрінеді. 

Еске салайық, бүгінгі сот отырысында куәгерлер жауап бере бастады. Бұған дейін сотта қайғылы оқиға болар алдында күдіктімен мейрамханада отырған куәгерден жауап алынды. 

Сонымен қатар, бүгінгі процесс барысында бұған дейін сот отырысына қатыса алмаған тағы бір жәбірленуші тарап күдіктіге кешірім берді.