Кеше 2026, 11:25 Фото: ortcom.kz

Алматыдағы жаңа метро станциясы қашан ашылады?

Тамызда метро станциясының сынақ жұмыстары басталады.

Метрополитен өкілдері Алматыдағы "Қалқаман" метро станциясының құрылысы аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға орындалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың сөзінше, қазір станция аумағын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар тоннельдер толық салынып, теміржолдың жоғарғы құрылымы төселіп қойған. 

Қазір станция аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тоннельдер толық салынды, жолдың жоғарғы құрылымы төселді, - деді "Метрополитен" ШЖҚ КМК директорының міндетін атқарушы Арсен Джангильдин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.

Тамызда сынақ жұмыстары басталады

Метрополитен өкілдерінің мәліметінше, маусым айының соңына дейін монтаждау жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Ал тамыз айынан бастап іске қосу-баптау және пойыздарды сынақтан өткізу жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

Маусым айының соңында монтаж жұмыстарын аяқтап, тамыз айынан бастап іске қосу-баптау және пойыздарды сынақтан өткізу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, - Арсен Джангильдин.

Станцияны 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланған

Метрополитен өкілінің айтуынша, "Қалқаман" станциясын 2026 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың желтоқсанында станцияны іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Арсен Джангильдин.

Бұған дейін Жол қозғалысын ұйымдастыру саласының сарапшысы Елжан Чупеков Алматыда BRT орнына LRT салынуы мүмкін екенін айтқан еді.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда Астанадағыдай эстакадалы LRT болуы мүмкін