Алматыдағы қайғылы апат: Автобус жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды
Алматыда жолаушылар автобусы қатысқан қайғылы жол апаты болды. Жүргізуші рөлде отырып көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
Алматыда қоғамдық көлік қатысқан адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, №131 бағыттағы автобус Жетісу ауданында Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің кенеттен денсаулығы сыр берген. Соның салдарынан ол көлікті басқара алмай қалған.
Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері апаттың нақты себептерін анықтауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысты.
Сондай-ақ, Атырауда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті. Автобустың тежегіші істемей қалған.
- Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 07:50
- Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады 07:30
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19
- Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады 03:43