Алматыдағы өрт: балаларды орналастыру мәселесі қарастырылады

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы өрттен зардап шеккен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған балалар үйі – жеке қайырымдылық ұйымы. Қазіргі уақытта онда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінде барлық тәрбиеленушінің жағдайы жақсы, балалар қауіпсіз жерде орналасқан.

Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қала әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қорғаншылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары енді, – деді ведомствода.

Дәрігерлер балаларды толық тексеруден өткізіп, психологиялық көмек көрсетті. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды.

Қазір балаларды одан әрі орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға қатысты барлық мәселе толық шешілгенге дейін жағдайды жіті бақылауда ұстайды, – деді министрлікте.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан балалар үйі өртенгенін жазған едік. Сондай-ақ  35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы