Алматыдағы Медеу ауданын сумен қамту толығымен қалпына келтірілді
Алматыдағы Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру 3 тамыз күні сағат 11:00-де толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
«Алматы су» МКҚК баяндамасында айтылғандай, таулы өзендердегі су деңгейі тұрақталып, судың ластану дәрежесі төмендеген.
Су сапасы сағат сайын бақыланады. Зертханалық сараптамалар Кіші Алматы өзеніндегі судың лайлануының төмендегенін көрсетті. Бұл суды үздіксіз қабылдауға және әр үйге жеткізуге мүмкіндік береді. Медеу ауданында сумен жабдықтау схемаларын қайта реттеу «Горный гигант» шағынауданында су беру көлемін ұлғайтуға және Қаппаров, Жамақаев, Иванилов көшелеріндегі тұрғын алаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге ықпал етеді. Алдағы уақытта су тазаланып, жағдай бақылауда болады, – дейді «Алматы су» МКҚК баспасөз қызметі.
Мамандардың пікірінше, өзен суының сапасына ауа райының қолайсыздығы әсер еткен. Десе де, бұған қарамастан, ауыз сумен жабдықтау үзіліссіз жүзеге асырылады.
Елімізде ғаламдық жылудың салдарынан сумен қамтамасыз ету проблемалары басталды. Бұл мұздықтардың еруіне, су деңгейінің жоғарылауына, өзен жағалауларының шайылуына және селдің артынан жергілікті өзендердің жағалауларға шығарындылардың жиналып қалуына алып келді, – дейді Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК мамандары.
Еске салсақ, Алматыда сел салдарынан Медеу ауданының бір бөлігінде су өшіп қалған.Сол себептен Алматыда су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілген еді.