Алматыдағы «Мариям» жекеменшік ұйымынан бұзушылықтар анықталды – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы «Мариям» жекеменшік ұйымын тексеруге қатысты мәлімет айтты.

Кеше ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барған болатын.

Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Еске сала кетейік, қазір қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сонымен қатар олар Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгімелесті, - делінген БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпаратында.

Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды. 

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, 12 мамыр күні Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік мектебінің үш 7-сынып оқушысы 1-сынып оқушысын сабақ үстінде зорлағаны туралы хабарлаған болатынбыз

Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі мектепте тексеру жұмыстарын жүргізуді бастаған болатын

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы