Алматыдағы кептеліспен күрес: жұмыс кестесін өзгерту жолдағы жағдайға әсер етті ме
Қыркүйекте кейбір мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі сағат 8:30-дан басталатын болып өзгертілген еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл шара таңғы және кешкі қарбалас уақыттардағы жол жүктемесін азайту мақсатында енгізілген. Алайда, нәтиже байқалмаған.
Жағдай бұрынғыша қалды. Айта кету керек, кептелістердің негізгі себебі – жұмыс істейтін тұрғындар емес, оқушылар мен студенттер. Оқу жылының басталуы да жол қозғалысының қиындауына әсер етті, – деді Әзірбек.
Ресми мәлімет бойынша, Алматыда 600 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Сонымен қатар, күн сайын қала жолдарында 400 мыңнан астам өзге өңірлерден келген көлік жүреді.
Бұл факторлар жол қозғалысының күрделенуіне әсер етеді. Қарбалас уақытта патрульдік полиция экипаждары жол қозғалысын қолмен реттеуге шығады. Әсіресе шығыс және батыс бағыттарда жағдай қиын, – деді Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, бұған дейін астаналықтардың кептеліске қанша уақыт құртатынын жаздық. Алматы мен Қаскелең арасындағы бірнеше шақырымдық кептелістер шешілуі үшін “Алматы – Бішкек” тасжолының бір бөлігі кеңейтілетіні туралы да хабарланған болатын.