Алматыда жас жігіт көп қабатты үйден секіріп кетті

Әлеуметтік желілерде Әуезов ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі жасөспірім қыз көп қабатты үйден құлап мерт болғанын жазған едік. Қайғылы оқиғадан кейін Алматы қаласының әкімдігі көп қабатты үйлердің шатырына шығуға шектеу қою жөнінде шешім қабылдаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы