Алматыда вирус жұқтырған медицина қызметкерінің барлығына үстемеақы төленеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік комиссиясының тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттар үшін толық көлемде төлемдер алатындығын ресми түрде хабарлаймын. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бирфинг барысында айтты.

Кеше кейбір БАҚ баспа беттерінде COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлемеу туралы ақпараттар жарияланды. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көмек алуға үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері құқылы екенін еске саламыз. Олар реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың, провизорлық стационарлардың және жедел жәрдемнің, карантиндік стационарлардың, санитарлық дәрігерлердің, жедел жәрдемнің жүргізушілері және ошақтарда және КВИ бар пациенттермен тікелей жұмыс істеп жатқан дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері,-деді Әбілдаев.
Сонымен қатар, ол кейбір медициналық ұйымдарда жалақыға қосымша берілетін үстемеақы кімге тиесілі екенін және қызметкерлер санаты туралы өзі жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты.
Атап айтқанда Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және Медициналық жедел жәрдем қызметінде орын алған әлеуметтік шиеленіске байланысты, бұл бұйрықтың негізгі ережелері туралы түсндірдім. Осы бұйрықтың тәуекел тобына кірмеген қызметкерлерге қатысты, олар бойынша медициналық ұйымдардың жалақы қорынан қаржылай қолдау туралы шешім қабылдануда. Бұл материалдық қолдау медицина қызметкерлерінің күшін ынталандыру және қолдау үшін маңызды,-деді ол.

Сондай-ақ, ол төлемдер ҚР Салық кодексіне сәйкес барлық салықтарды ескере отырып, айлық жұмыс балансынан аспайтын нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізілетіндігін жеткізді.
Қазіргі уақытта 3 758 қызметкерге, оның ішінде 498 дәрігерге, 1800 орта медицина қызметкеріне, 624 кіші медицина қызметкеріне және басқа да 836 қызметкерге, оның ішінде медициналық жедел жәрдем қызметінің 822 жүргізушісіне төлем жүргізілді. Төлемдердің жалпы сомасы 1 134,8 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта төлемдер медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмыскерлеріне жүргізілуде, осылайша 100%-ға дейін жеткізіледі,-деді басқарма басшысы.
Т. Әбілдаев сондай-ақ қызмет барысында коронавиурс жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге көлеміндегі төлемақы берілетінін де айтты.
Соvid-19-бен тікелей жұмыс істеу барысында жұқтырған жағдайда медицина қызметкерлеріне төленетін төлемдерге қатысты айтсам, оларға 2 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Төлем ҚР ДСМ комиссиясы эпидемиологиялық тексеру жүргізгеннен кейін жүргізілетін болады,-деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы