Алматыда тұрақта тұрған көліктің үстіне ағаш құлап түсті
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматы қаласының Алмалы ауданында ағаш құлап, тұрақта тұрған Lexus маркалы жеңіл көлікке зақым келтірді.
Алматы қаласы ПД мәліметінше, оқиға күндіз болған. Құлаған ағаш салдарынан автокөлік механикалық зақым алған. Абырой болғанда, сол сәтте көлік ішінде ешкім болмаған, зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, аталған деректі тіркеді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Айта кетейік, Алматыда қатты жел мен боран кезінде көліктердің үстіне ағаш құлап, мүлікке залал келтіретін жағдайлар жиі кездеседі. Одан бөлек, қалада ескірген әрі апатты күйдегі ағаштар әлі де аз емес. BAQ.KZ анықтаған дерек бойынша, Алматыда 84 мыңға жуық қауіпті ағаш бар. Мұндай жағдайда көлік иелері не істеуі керек және келтірілген шығынды кім өтейді? Бұл сұраққа заңгер Айдын Темірғали жауап берді.