21 Қыркүйек 2026, 12:27
Фото: ©BAQ.KZ/ Жасанды интеллект
Алматыда тексерілген автобустардың жартысына жуығы экологиялық талапқа сай болмай шықты
2026 жылдың басынан бері Алматыдағы автобус парктерінде шығарынды газдарға 3 мыңнан астам өлшеу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері мәлімдеді.
Жалпы мамандар 3 108 автобусты тексерді. Мониторинг нәтижесінде оның 1 420-сынан, яғни шамамен 45,7%-ынан белгіленген экологиялық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Айта кетейік, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Қағида автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған шараларды қарастырады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда газбен жүретін автобустарға жанармай құю мәселесі ушығып тұрғаны хабарланды.