Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталды
Ол Әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол апаты жайлы ақпарат жариялаған еді.
Алматыда танымал қазақстандық блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алматы қаласының полиция департаменті бұл мәліметті растады.
Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әділетхан Молдахан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына 1 миллионнан астам адам жазылған.
Ол бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде Әл‑Фараби даңғылы бойында болған жол апатына қатысты видео жариялап, үш адам қаза тапқан оқиғаға құқық қорғау органы қызметкері қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Оқиға қатысты полиция қызметкерлері де тексеріледі.
Ал Ішкі істер министрі Ержан Саденов жағдайдың ерекше бақылауда екенін айтып, бірқатар басшы қызметінен босатылғанын жеткізді.
- «Байтақ» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін ұсынды 18:20
- «Әділет» партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін тапсырды 18:16
- Қазақстанда театр қойылымдарын 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады 18:13
- Төрт жылда көші-қон заңын бұзған 100 мыңнан астам шетелдік елден шығарылды – ҰҚК басшысы 17:55
- Ұлттық қауіпсіздік қалқаны: ҰҚК төрағасы ел қауіпсіздігі туралы айтты 17:40
- Тегін отаны ақылы қылған: Атырауда хирург пациенттердің де, МӘМС-тің де ақшасын жымқырған 17:34
- Нақты табыс алғаш рет өсті: Айбар Олжай мұның мәнін түсіндірді 17:20