Алматыда таңғажайып жағдай: Келіншек жүкті екенін босанатын күні ғана білген
Босанатын күні жүкті екенін білген келіншек елді таңғалдырды.
Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде ерекше жағдай болды. Әйел ішінің ауырғанына шағымданып дәрігерлерге жүгінген.
Алайда тексеру кезінде кенет ол жүкті екенін білген.
Медициналық орталықтың хабарлауынша, емделуші асқазан-ішек жолдарында ауруым бар деп ойлап, қабылдауға келген. Әйелдің айтуынша, соңғы айларда оның салмағы күрт өзгерген: алдымен қатты арықтап, кейін тез салмақ қосқан.
Тексеру барысында мамандар УДЗ (УЗИ) жүргізіп, нәтижесінде жеті айлық жүктілікті анықтады. Сонымен қатар, дәл қаралу кезінде емделушінің толғағы басталды. Гинекологтар Бибігүл Серікқызы мен Адия Бақтиярханқызы бастаған дәрігерлер тобы анестезиологтармен бірлесіп, жедел түрде қажетті көмек көрсетіп, оны босандырып алды, – деп хабарлады клиникадан.
Дүниеге дені сау қыз бала келді. Бұл оқиға отбасы үшін күтпеген жаңалық болды.
Олар клиникаға ішекте ауру бар деген күдікпен келіп, дәл сол күні алғаш рет ата-ана атанды. Емделушінің бұл бірінші жүктілік кезі, бұған дейін отбасында бала болмаған. Ең тебірентерлігі – отбасы дәл осындай қыз баланы армандаған екен, – деп толықтырды медициналық орталық өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін балалар мен жүкті әйелдерге ерекше назар аударылатыны, емханаға тіркелу процесі жеңілдейтіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Жамбылда биыл үш айда 32 жасөспірім жүкті боп қалған
Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз босанды
Атырау облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді
Посмотреть эту публикацию в Instagram
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49
- Астанада бұған дейін жабық болған «Жібек жолы» LRT станциясы ашылды 09:24
- Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:54