Алматыда "Сергек" камералары көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.
Қазір Алматы қаласында 404 "Сергек" бекеті бар. Биыл тағы 360 бекет қою жоспарланып отыр. "Райымбек-Абай-Төле би" сынды қоғамдық көлік жолағы бар көшелерге камералар орнатылады. Сондай-ақ, біз камераларды планшеттерге біріктірдік. Көлікке қатысты құқық бұзушылықтар мен айыппұл туралы базадағы барлық ақпарат әрбір қызметкердің планшетіне шығып тұрады, - деді ол.
Таймерденов айтып өткендей, пандемия кезеңінде "Сергек" камералары блок-бекеттерде тұрды.
Көп бұзушылықтарды сол камераның арқасында тіркелді. Жұмыс әрі қарай жалғасады, - деді ол.
Айта кетейік, брифинг барысында Таймерденов карантин ережелерін бұзғандарға айыппұл салынғанын атап өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұман, дауыл, бұршақ – 6 облыста дауылды ескерту жасалды
Өзгелердің жаңалығы