Алматыда құпия түрде жерленген лаңкестердің жеке тұлғасы анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Полиция департаменті Баспасөз қызметі құпия түрде жерленген лаңкестердің жеке тұлғасы анықталғанын мәлімдеді.
Бүгін Алматы қалалық Полиция департаменті мәйітханадан денелері зерттелмей әкетілген мәйіттердің жерленген орны анықталғанын хабарлаған еді. Енді олардың жеке тұлғасы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Олардың жеке тұлғасы анықталды. Медициналық-сот сараптамалары ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады, – делінген хабарламада.
Бұған дейін ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов қылмыскерлер қаладағы мәйітханалардан 41 адамның мүрдесін алып кеткенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы