Алматыда QazVac вакцинасы таусылуға жақын – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова QazVac вакцинасының Алматыда таусылуға жақын екенін айтты.

QazVac вакцинасы сәуір айынан бастап жеткізіле бастады. Сәуір айының соңында 50 мың, мамыр айында 50 мың доза вакцина жеткізілді. Маусым айының соңына дейін вакцинаның 100 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда QazVac-тың бірінші дозасымен шамамен 41 мың адам, екінші дозасымен 22 мың адам егілді. Барлық өңірде вакцина бар, ол бүгінгі күні Алматыда аяқталуға жақын, - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Ол QazVac вакцинасының халық арасында танымал екенін айта кетті. Айтуынша, өңірлерде қазақстандық вакциналар жеткілікті мөлшерде бар.

Негізінде аймақтағы сауда орталықтарында вакциналар жеткілікті мөлшерде болады деп айта аламын. QazVac вакцинасының 50 мың дозасы өңірлерге 2 мыңнан 6 мыңға дейін бөлінетініне назар аударғым келеді. Сондықтан өңірлер вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ететін СОО-да немесе егу пункттері бар ұйымдарда өздері анықтайды, - деп толықтырды комитет төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Рfizer вакцинасын әкелу бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы