Алматыда қаңтар қасіретін еске алу мақсатында пантеон тұрғызылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысында айтты.

Жақын күндері қаңтар оқиғасына арналған болашақ пантеонның эскизін әзірлеуге ашық сәулет байқауы жарияланады,-деді жиын барысында қала әкімі.

Бұған дейін қала әкімі Б. Сағынтаев қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған дәрігер, құқыққорғау және өрт сөндірушілерге 2 млн теңге көлемінде өтемақы берілетінін мәлімдеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы