Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған
Ішкі істер министрі Ержан Саденов алматылық полицейлердің 14 жастағы қызды зорлау фактісін растады. Бұл туралы ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, екі күдікті де қамауға алынды.
Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Бұрынғы қызметкерлер осындай қылмысты жасады. Дерек тәртіптік комиссия құрылып, екі қызметкер де теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды, - деп айтты Ержан Саденов.
ІІМ басшысының айтуынша, олар қылмыстық іс аясында қамауға алынды.
Бұған дейін «НЕМолчи.кз» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі екі полиция қызметкерінің 14 жастағы қызды зорлағанын хабарлаған болатын.
Біз бұған дейін Маңғыстауда 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысымен кездеспек болғаны туралы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Айка» тізімі қалай жарияланып кетті? – ІІМ жауап берді
Өзгелердің жаңалығы