Алматыда Орталық Азияның екінші экономикалық форумы өтіп жатыр
Алматыда Еуропалық Одақ – Орталық Азияның екінші экономикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
Форумға Орталық Азия елдерінің Үкімет басшылары мен Еуропалық комиссияның сауда және экономика жөніндегі сарапшылары қатысты. Ашылу салтанаты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың алғысөзінен басталды.
Алматыға қош келдіңіздер! Бүгінде әлем, экономиканың көптеген салаларына әсер еткен және халықаралық саудада құлдырау тудырған COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келе бастады. Бүгінгі таңда сауда жаһандық өндірістік-сату тізбегіне терең интеграцияланған, Алматы экономикасының үштен бір бөлігін құрайды. Бұл сектор 250 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Біз инвестициялар мен бәсекеге қабілеттілікті қолдауға, өңірдің тұрақты және жан-жақты экономикалық дамуына бағытталған Ready4Trade - Орталық Азия жобасының бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Сауданы реттеу рәсімдерін жетілдіру есебінен, Орталық Азия елдерінің әрқайсысында бизнесті жүргізу жағдайлары жақсарады, шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артатын болады, – деді Е.Досаев.
Аталмыш сесияда, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы сауда байланыстарын дамыту жолдары қаралды. Бизнес пен үкімет арасындағы басымдықтарға тақталып өтті.
Қонақжай Алматы қаласы мен осы форумды ұйымдастырған серіктестерімізге алғыс айтқым келеді. Бірлескен жобамыздың арқасында Орталық Азия елдері бірігіп отыр. Бұл бастама Орталық Азия мемлекеттеріне өңірлік шектеулерді алып тастауға көмектеседі. Алдағы уақытта, сауда саттық, микро және макро бизнес өкілдеріне көңіл бөлу керек. Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру. Сондай-экспорттау нарықтарын әртараптандыру қажет, – деді Еуропалық Одақтың елшісі Кестуис Янкаускас.
Талқылауға қатысушылар кәсіпорындарында туындайтын мәселерге мән берді. Сонымен қатар, әйелдер мен жастардың бизнестегі рөлі жайлы атап өтті.
Біз мыңдаған бизнес өкілдеріне көмек көрсеттік. Инвесторлардың қаржысы ел экономикасына серпін беретін кәсіпорындарындарға берілу қажет. Бүгінде Орталық Азия елдеріндегі әйелдер мен жастар арасында кәсіпкерлік саласын дамытудың жолдарын ұсынып жатырмыз. Қарап отырсақ, қыз-келіншектердің басым бөлігінің бизнеске бет бұру қарқыны оң екенін, оны статистиканда байқауға болады,– дейді ITC атқарушы директоры Памела Кок-Гамильтон.
Айта кетейік, елімізде 600 мыңға жуық кәсіпкер әйел бар. Кейінгі статистикалық мәліметтерге сәйкес, шағын және орта кәсіпорындардың 43%-ын әйелдер басқарады. Жеке кәсіпкерліктің 77%-ы әйелдерге тиесілі. Шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орнының шамамен 1/3 бөлігі (1 млн адам) кәсіпкер әйелдердің еншісінде.
Сондай-ақ, форум аясында кәсіпкерлердің басты мәселесі логистика және көлік саласындағы қызметке байланысты екендігі айтылды. Халықаралық бизнес транзакциялары кезінде жүктерді тасымалдау мәселелері көптеген құқықтық салдарларды, құқықтық нормалармен реттелуді және тасымалдаудың жауапкершілігін қарастыратынын атап өтті.