Алматыда оқушылардың өлімінен кейін шатырға шығуға тыйым салынды
Алматыда биік үйден секірген екі оқушы қыздың өлімінен кейін шатырға шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиғадан кейін Алматы қаласының әкімдігі көп қабатты үйлердің шатырына шығуға шектеу қою жөнінде шешім қабылдады.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың барлық органдарына қауіпсіздік шараларын күшейту, оның ішінде шатырға шығуды шектеу жөнінде хат жолдады. Сондай-ақ департамент аудан әкімдіктерімен және белсенді тұрғындармен бірге шатырға шығуды шектеуді тексеру үшін көп қабатты тұрғын үйлерді аралауды бастады. Бұдан былай шатырға басқарушы компанияның рұқсатымен ғана кіруге болады, - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда екі жасөспірім қыздың көп қабатты үйден құлап мерт болғанын жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыста сарбаздың басына оқ тиген
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы