Мұхтар Шаханов туған жерінде жерленетін болды
Жиынға 350-ден аса адам жиналған.
Алматыда Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты еске алу асы өтіп жатыр. Жиынға 350-ден аса адам жиналған.
Алматы әкімдігінің атынан әкімнің орынбасары Абзал Нүкенов көңіл айтты.
Айта кетейік, Мұхтар Шахановтың әйелі Ханшайым Шаханованың сіңлісі ақын Отырарда жерленетінін растады.
Бұған дейін BAQ.KZ редакциясы Шаханов қандай тұлға болғанына және оның еңбектеріне шолу жасаған еді.
Еске салайық, бұған дейін қазақтың ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқанын жазған едік.
20 сәуірге қараған түні Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті.
Артынша әлеуметтік желіде Шахановтың соңғы хаты деген жазба тарады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.