17 Шілде 2026, 19:41 Фото: ашық дереккөз

Алматыда LRT құрылысы кезінде бірнеше көлік қызыл сызықтан өтіп, шұңқырға түсіп кеткен

Қалада LRT құрылысына байланысты негізгі көшелерде құрылыс басталған болатын.

"Алматы қаласы LRT бірінші желісінің 1 кезегінің құрылысы" жобасы аясында дайындау жұмыстарын жүргізуге байланысты Бауыржан Момышұлы көшесі (Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейін), Төле би көшесі (Б.Момышұлы көшесінен Абылай хан даңғылына дейін) бойымен екі орта жолақтан жол төсемін алу бойынша іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлық учаскелер қоршалған және қажетті ескерту белгілері орнатылған. 

Бірақ көліктердің қоршаулар арқылы өтуі және қазылған жерлерге шығып кету жағдайлары кездесіп жатыр.

Осыған байланысты, сіздің жолдардағы қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, осы учаскелерден өтуі кезінде ерекше назар аударуларыңызды ұсынамыз және уақытша жол белгілерінің талаптарын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын сақтауды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Оқи отырыңыз: 

Алматыда LRT құрылысы қарқын алды: Жолдардағы қазіргі ахуал қандай?