Алматы көшелерінде LRT құрылысының алғашқы кезеңі басталды. BAQ.KZ тілшісі құрылыс жүріп жатқан негізгі көшелерді аралап, қазіргі ахуалды көзбен көрді. Қазір қай учаскелерде жұмыс қызғанын және көлік қозғалысына қалай әсер етіп жатқанын анықтап қайттық.
Бастапқы жоба бойынша ЛРТ Момышұлы көшесі - Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Біз ең алдымен Мөңке би көшесінен бастап Момышұлы бойымен Төле биге дейінгі бағыттағы жағдайды бақылап қайттық.
Қазіргі уақытта көшенің ортасын қазу жұмыстары басталып, қызыл қоршаумен жабылған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Қазіргі уақытта Мөңке би көшесінен Төле биге дейінгі аралықтағы жол тек қазылып қойған. Одан өзге қарқынды жұмыстар әзірге байқалмайды.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Тек екі жолақ қалғандықтан күндізгі уақыттың өзінде аздап кептеліс бары байқалады.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Тұрғындардың сөзінше, күндіз жолға қатысты аса проблема болмағанымен, нағыз коллапс кешкі уақытта басталады екен.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Момышұлы көшесінен Төле би көшесіне қарай бағыт алдық.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Айта кетейік, жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Төле би көшесінің бойы да қоршалып, тек екі жолақ қалған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Қазіргі уақытта көшенің бойындағы бұрынғы трамвай желілерінің жолдары алынған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Әзірше көшенің бойындағы құрылыс жұмыстары Абылай хан көшесінің қиылысына дейін созылған. Мұнда қазу жұмыстары әлі басталмағанымен, көшенің ортасы қызыл қоршаумен қоршалған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Ал Абылайхан көшесінің бойында ауқымды жұмыстар әзірше әлі басталмаған.
Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина
Айта кетейік, алдын ала жоспар бойынша жеңіл рельсті трамвай желісі болашақтағы "Барлық" метро бекетінен Төле би көшесі арқылы "Алматы-II" теміржол вокзалына дейін жетеді. Одан әрі ЛРТ желісі Райымбек даңғылы бойымен "Шығыс қақпасы" бағытына жалғасады. Кейін ЛРТ желісі оңтүстікке қарай тартылады.