Алматыда курьер баланың коляскасына дәрет сындырған
Алматыда курьер подъездегі балалар арбасын бүлдіріп кеткен.
Алматы тұрғыны тапсырыс жеткізуге келген курьердің кіреберісте тұрған балалар арбасына дәрет сындырғанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анықталғандай, ер адам лифтке кірер алдында әдепсіз әрекетке барып, артынша ештеңе болмағандай клиентке тамақты табыстаған.
Курьердің бұл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Қазіргі таңда пәтер иесі полицияға арыз түсірді. Ол кінәлі тұлғаның анықталып, тиісті жауапқа тартылатынына сенімді.
Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған заңсыз әрекеттер дерегі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдауда. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады, деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер жазаланды.
Сондай-ақ, Алматыда гүл жеткізген курьер әйелдің кеудесіне қол тигізген.
Тағы оқи отырыңыздар:
Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасалды
Блогер Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды
Алматыда дәрігерлер қыз баланың асқазанынан үшінші рет шаш түйінін алып тастады
- 23 тамыз: Құрылтай сайлауында кімдер дауыс беруге дайын? 13:42
- Депозиттердің өсу қарқыны: Қазақстандықтардың салымдары 24 триллион теңгеге жақындады 13:30
- Қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады? 13:12
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30