Алматыда күніне 200-ден астам студент вакцина салдыруда – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында Алматыда студенттерге вакцина салу жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, көптеген студент белсенді түрде вакцина алуды оқу жылы басталмай тұрып-ақ бастап кеткен. Мысалы, маусым айында бірінші компонентпен 4 676 адам, шілдеде 7 872 студент, тамызда 4 733 адам салдырған. Жалпы студенттердің 93,7%-ы бірінші компонент, ал 79,4%-ы екінші компонентті салдырыпты.
Студенттердің вакцина алуы бұл өздерін ғана емес, жақындарын қауіпті аурудан қорғаудың қарапайым, тиімді әдісі екенін түсінеді. Студенттер мен екпе салдыруға тілек білдіруші тұрғындар Алматыдағы 160 екпе орталығының біріне жүгіне алады, - деді Бекшин.Атап өтсек, 2021 жылдың 1 ақпанынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Алматыда бірінші компонентпен 875 165 адам, ал екінші компонентпен 741 412 адам егілді. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 110 236 адамды құрайды.
Жандарбек Бекшин жақын арада Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакциналау басталатынын айтты. Қазіргі уақытта ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 180 мың дозасын сатып алуға өтінім беріліпті.
Айта кетейік, Бекшин қалада карантин шаралары неліктен жеңілдетілетінін түсіндірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Паралимпиада-2020: Нұрлан Домбаев қолаға таласады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы