Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 10 науқас тіркелді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.
Алматыда вирусты қайта жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді. Оларда жаздың басында коронавирус симптомсыз өткен. Енді оларда ауру түрі клиникалық белгімен өтіп жатыр, - деді ол.
Сондай-ақ ол бұл жағдай бойынша мәліметтер бірыңғай статистикалық есепке алынатынын жеткізді.
Бұл деректердің барлығы міндетті түрде бірыңғай статистикалық есепке алынады, - деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта қаладағы сауда үйлері мен базарда халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізілетінін айтты.
Қазір халықты вакцинациялау бойынша қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Онда вакцина салудың алгоритмі белгіленеді. Вакцина салдыруға келген адамда өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болу керек. Ал 21 күн өткен соң ол адам алғаш вакцина салдырған емханасына немесе уақытша екпе салу орнына қайта бару керек, - дейді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші артты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Британиялық штамда» өлім-жітім қаупі жоғары – Манар Смағұл
Өзгелердің жаңалығы