Алматыда карантин кезінде қай сала зардап шеккені белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда карантин кезінде бәрінен көтерме және бөлшек сауда саласы көп зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, бұл салаларда ең нашар динамиканың болуы Алматы құрылымның ерекшелігіне байланысты болып отыр.
Бірінші тоқсан бойынша көтерме және бөлшек саудада тауар айналым өсімі нашарлағаны байқалды. Көтерме сауда жүз пайыздан төмен түсіп кетті. Өткен жылғымен салыстырғанда бөлшек сауда да төмендеу болды, - дейді Оразалин.
Сонымен қатар, ол Алматыда карантин режимін енгізгелі 600 мыңдай адам табыс көзінсіз қалғанын айтты.
Қалада жұмысқа қабілетті 900 мыңдай адам бар, алайда олардың 600 мыңдайы қазір табыссыз отыр. Дегенмен, 20 сәуірден бастап қаладағы бірнеше кәсіпорын өз жұмысын қайта бастайды. Бұл азық-түлік пен сауда саласы, - деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.
Сондай-ақ, ол мекемелердің жұмысы бір ай ішінде шетінен іске қосыла беретінін және 100 мыңдай адам жұмысқа қайта шығатынын жеткізді.
Бізде құрылыс саласы инвестиция көлемі жағынан алғашқы орындарда. Құрылыс саласы бойынша 330 нысан жұмысын қайта жандандыруды қалап отыр. Бұл сала үлкен әлеуетке ие. Бұл 200-250 мыңдай жұмыс орны, дегенмен біз алғашқы кезеңде 60-70 мыңдай жұмысшыға рұқсат береміз, - деді ол.Бұған дейін Алматыда карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелерге қойылатын талаптар күшейтілгені туралы хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды
Өзгелердің жаңалығы