Алматыда бір түнде жол қозғалысына байланысты 2 мыңнан аса заңбұзушылық анықталған
Заңбұзушылықтардың ішінде адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар да болған.
Өткен тәулік ішінде Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерінің 2 092 бұзушылығы анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 249 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
• көлік құралын мас күйінде басқару - 7 факт;
• көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы - 1 факт;
• жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік құралын басқару - 1 факт;
• маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») - 71 факт;
• қауіпсіздік белдігін тақпау - 126 факт;
• қарсы қозғалыс жолағына шығу - 10 факт;
• көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану - 26 факт.
Сонымен қатар, 23 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ереже бұзған 300-ге жуық самокат тәркіленді.