Алматыда "барахолка" өртеніп жатыр

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56-да өрт сөндірушілерді Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7Б мекенжайын жоғары дәрежелі өртті сөндіруге шақырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жолдағы кептеліске қарамастан өрт сөндірушілер апат орнына 8 минутта келіп жетті. Оқиға орнында қалың түтін болған. Өрт сөндірушілер бірнеше контейнердің жанып жатқанын анықтаған. 

Өрт сөндіруге күштер мен құралдар тартылып, дереу іске кірісті. Газ-түтіннен қорғау қызметі өрт ошағында адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Қазіргі таңда жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы оқиға орнына қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күші жіберілді, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Құтқарушылардың мәліметінше, жақын маңдағы өрт сөндіру гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан. Су үздіксіз жеткізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы