Алматыда атышулы вайнерлер 2 айға қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі 2 айға ұзартылды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

 Олар 20 сәуірде 10 тәулікке қамауға алынған еді.

Алматы қалалық сотында Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Еске салайық, «Mudarabah Capital» компаниясына қатысты даулы іс бойынша 14 адам тергеліп жатыр. Олардың арасында танымал вайнерлер мен блогерлер де бар.

Бұл іс бойынша қазір 169 жәбірленуші анықталды. Олар қаржы пирамидасына алданып, 2 миллиард теңгеден аса ақшасынан қағылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы