Алматыда әр оныншы түлек ҰБТ тапсырудан бас тартқан
Алматылық түлектердің 9,5 пайызы тестілеуге қатыспайды.
Биыл Алматыдағы мектеп түлектерінің шамамен 10 пайызы негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш бермеген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қалалық филиалының басшысы Жұмабике Сұлтанова мәлімдеді.
Орталық мәліметінше, түлектердің 9,5 пайызы тестілеуге қатыспайды.
Түлектер шетелдік оқу орындарын таңдап жатыр
Мамандардың айтуынша, ҰБТ тапсырмаудың басты себептерінің бірі – мектеп бітірушілердің шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіруі.
Атап айтқанда, көптеген түлек Германия, Чехия және Түркия университеттерін таңдаған. Сонымен қатар, кейбір оқушылар жоғары оқу орнының орнына колледждерге түсуді жоспарлап отыр.
Алматыда шетелде оқуға қызығушылық артып келеді
Ұлттық тестілеу орталығының Алматы филиалы соңғы жылдары түлектер арасында шетелде білім алуға қызығушылық күшейгенін атап өтті.
Осыған байланысты жыл сайын ҰБТ-дан бас тартып, басқа елдердегі оқу орындарын таңдайтын жастар саны артып келеді.
Еске сала кетейік, ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 86 ереже бұзушылық анықталды.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2026-да рекордтық нәтиже тіркелді: Ең жоғары балл қанша?