Бүгiн 2026, 15:54 Фото: Видеодан кадр

Алматыда 3 адам қаза тапқан жол апаты бойынша айыптау актісі оқылды

Прокурор айыптау актісін оқыды.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы барысында прокурор айыптау актін оқыды. 

Сараптама барысында күдікті Пактан 1.30 пайыз этил спирті анықталған. Күдікті алқабилерден бас тартты. Сонымен қатар, күдікті Пак сот отырысына балдақпен келген. 

Күдіктінің мүддесін бір ғана адвокат қорғап жатыр. Адвокат күдіктінің сот процесіне қашықтан қатысуын сұрады. Сонымен қатар, олар сот процесінің ашық өтуіне қарсы емес екенін, алайда фото және видеоға түсіруге қарсы екендерін білдірді. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.