Алматыда 200-ден аса медицина қызметкеріне вакцина салынды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Оның айтуынша, бүгін 260 медицина қызметкеріне Ресей Федерациясында жасалған «Спутник V» вакцинасын салу жоспарланған.


Алматыға бұл вакцинаның 2050 құтысы жеткізілді. Ақпан айының ортасына дейін медицина және санитария қызметкерлеріне салынады. Екінші кезеңде тағы 45 мың қызметкерге вакцина салынады. Жалпы Алматы қаласына 150 мың доза жеткізу көзделген, - дейді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, қалада 40 екпе салатын бөлме дайындалған, қазір оның 16-сы ғана жұмыс істеп жатыр.


Өзім жаңа ғана вакцина салдырдым, кері әсері болған жоқ. Бұл вакцинаны басқа елдер де қабылдап жатыр, ешқайсысында кері әсері не зиянды жағы тіркелмеді, - деді Табынбаев.




Бұған жейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы