Алматыда 1 тамыздан бастап коронавирустық пневмонияға 1 666 науқас шалдыққан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, пандемия басталғалы Алматыда коронавирустық инфекцияның 33 557 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдық белгілері бар – 22 656 адам, ал симптомсыз – 10 901 адам. Емделгендер саны –  26 820. Қайтыс болғандар саны – 452. Ал, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирусты пневмония бойынша 1 666 жағдай тіркеліпті.

2021 жылдың 29 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 545 жаңа жағдайы тіркелді, оның 468-і симптомдық белгілері бар және 77 симптомсыз. Барлық инфекциялық стационарда 5 000 төсек-орын бар, ал ем алып жатқандар саны 2 696 адам, оның108-і бала. Оның ішінде жағдайы аса ауыр науқастар саны – 32, ауыр түрде – 302, ауырлықтың орташа дәрежеде – 2 362 адам бар, - деді Табынбаев.

Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде –  135 науқас бар, онда бос төсек-орын саны- 285-ті құрайды. Оған қоса ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 55, High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді екен. 

Бір тәулік ішінде – 262 науқас қабылданды, стационардан 317 науқас шығарылды, сауыққандар саны – 210. Қайтыс болғандар саны тіркелмеді, - деді басқарма басшысы.
Бұған дейін Алматының бас санитары коронавирустың жаңа штамының таралуы екі есе жоғары екенін айтқан еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы