"Алматы-Сиань" бағытына рейс қайта ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңарған рейс 2020 жылдың ақпан айына жоспарланған.
Компания Алматы қаласынан Қытайдың Сиань қаласына рейсті осы жылдың ақпан айына жоспарлап отыр. Бұл бағыт қазақстандықтар үшін сұранысы жоғары болады деп үміттенеміз. Біз екі мемлекеттің азаматтарына бизнес, туризмді дамыту үшін қолайлы болады деген ойдамыз, - деді SCAT компаниясының Жерүсті қызмет көрсету кешенінің директоры Дәулет Хамзин.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан-Сиань бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды. Билет бағасы бір бағытқа 70 мың теңгеден басталады.
ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо аталған әуебағытының ашылуы (Нұр-Сұлтан-Сиань) екі ел арасындағы туристік ахуалды арттыратынын айтты.
Қытай мен Қазақстан арасын жалғайтын тағы бір көпір ашылды. Осыған дейін Нұр-Сұлтан-Бейжің, Алматы, Нұр-Сұлтаннан Үрімшіге әуекемелері ұшатынын білеміз. Сиань - Қытайдың көне, тарихи қаласы. Бұл қала ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің отаны екенін де айта кету керек. Сондай-ақ, Сиань қаласы қазақстандық бизнес өкілдері үшін де маңызды, жекешелік және әріптестік саласына да ерекше тартымды. Сондықтан жаңа бағытқа сұраныс жоғары болады деп ойлаймын, - деді дипломат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол апаты: Троллейбус жүргізушісі ес-түссіз жағдайда болған
Өзгелердің жаңалығы