Алматы облысындағы жекеменшікке сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 балаға арналған орта мектеп 15 млн теңгеге сатылып кеткен еді.

Жалпы, мектептердің тапшылығы байқалады. Үш ауысымды 51 мектеп бар. Нақты осы мектеп жайлы айтар болсақ, біраз уақыт соттастық. 8 маусым күні жекеменшікке алған адам мемлекетке қайтарып берді, – деді облыс әкімі.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында орналасқан мектептің жекенің қолына өтіп кеткенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы