Алматы облысында жолдар жабылды

Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ хабарламасы бойынша 12 ақпан сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар жауады, ауа температурасының төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

  • М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург-Алматы)» 59 км (2436) (станция Шамалған) – 115 км (2380) (Күрті кенті)
  • «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолында 24 км-ден (ақы алу пункті) 254 км-ге дейін (Жетісу облысы шекарасы).

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы