Алматы облысында камераны алдағысы келген жүргізуші көлігінен айырылды
Алматы облысында жүргізуші көлік нөмірін өзгертіп, бейнебақылау жүйесін алдамақ болды.
Алматы облысы тұрғынының жол қозғалысы ережелерін тіркейтін автоматтандырылған бақылау жүйесінен жалтарғысы келген әрекеті әшкере болды.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг барысында мемлекеттік тіркеу нөмірі өзгертілген автокөлік назарға іліккен.
Тексеру нәтижесінде жүргізушінің құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін жүйеден жалтару мақсатында нөмірдегі әріптердің бірін әдейі өзгерткені белгілі болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жүргізуші анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.
Полицияда мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыру, өзгерту немесе қолдан жасау заң бұзушылық болып саналатынын және мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Жамбылда нөмірін жасырып, камерадан қашпақ болған шетелдік жүргізуші қамауға алынды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Енді бұрын қолданылған көлік нөмірін туыстарға қайта рәсімдеуге болады
Көкшетауда көлік жүргізген әйел тротуарға шығып, баланы қағып кетті
Өскемендегі Ертіс көпірінде бір топ жасөспірім велосипедшіні көлік қақты