Алматы облысында 3 жасар қызды іздеуге 300 адам шықты
17 наурызда жоғалып кеткен үш жасар қызды әлі күнге дейін Күш ауылында іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының полициясы хабарлағандай, әзірге іздеулер нәтиже бермеді.
Күш ауылында жоғалған үш жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпыға қазіргі таңда 300 ге жуық адам жұмылдырылды.
Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.