Алматы метросы жолаушылар саны бойынша жаңа рекорд орнатты
“Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы өткен күні Алматы метросы 142 932 жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа рекорд! 30 қыркүйек, “Қайраттың” “Реал Мадридке” қарсы матчы өткен күні Алматы метрополитеніндегі жолаушылар ағыны тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Тәулік ішінде метро 142 932 жолаушыны тасымалдады – бұл бүкіл тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Алматы метрополитені – қаланың ажырамас бөлігі, – деп хабарлады метрополитен.
Айта кетейік, бұған дейін “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы өтетін күні Алматы метросының жұмыс уақыты ұзартылған болатын. Сол күні метро түнгі 01:00-ге дейін жұмыс істеді.
Матчқа Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді, ал Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы келушілер саны ондаған мың адамды құрады.
Еске салайық, Алматы метрополитеніндегі соңғы рекорд 2 қыркүйекте орнатылған еді. Сол күні метроның ашылуынан жабылуына дейінгі жұмыс кезеңінде 117 мың жолаушы тасымалданды.