20 Қазан 2026, 09:32 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Алименттен жалтарғандар жауапқа тартылды: Балаларға 37 млн теңге өндірілді

Мұнайлы ауданында 22 борышкер әкімшілік, тағы үшеуі қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Бұдан бөлек, миллиондаған теңге өндірілді.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент өндірді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
 
Тағы оқи отырыңыз: Баласына бермеген 19 миллиард: Алиментті төлемегеннен қалай өндіріп аламыз?