Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтармайтын болды

Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Танымал әнші Әли Оқапов Республика күні қарсаңында өзіне берілген «Құрмет» орденінен халықтың қызу талқысына түскеннен кейін бас тартқан болатын.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты ойын айтты. Сөзінше, орденді қайтаруға болмайды.

Орденді қайтаруға болмайды. Бұл дұрыс емес. Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейтке эмоционалды түрде жауап берді. Қазір барлық сұрақ бойынша сарапшылар көбейгені таңғалдырады. Олар бәріне пікір білдіріп отырады. Бұлай жасауға болмайды, - деді министр.

Аида Балаева Әли Оқапов өзінің видеосын жүктегеннен кейін министр ретінде әншімен сөйлескенін айтты.

Әли Оқапов творчестводағы адам болғаннан кейін эмоционалды тұрғыда «Аида Ғалымқызы, шынымен де барлығы жан-жақтан талап, бұл менің еңбегім емес, анаммен салыстырғаннан кейін оған шыдай алмадым» деді. Сондықтан қазір барлығы дұрыс екенін айтты. Қазір орден өзінде қалады, - деп айтты Мәдениет министрі Мәжілістің кулуарында.

Аида Балаева біздің елімізде әр адамның еңбегі бағаланатынын жеткізді. Сол себепті ұлттық мерекелерде сала қызметкерлеріне осындай наградалар беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы